БӨКТІРІЛГЕН КӨКӨНІСТЕР

lat: BÓKTİRİLGEN KÓKÓNİSTER

жабық ыдыста, сұйықты аз құйып бөктіріп қайнату. Осылай пісірілген өнім құнды болады. Аз сорпасы тұздықтар жасауға кетеді. Көптеген көкөністерді, сонымен бірге балықты, шошқа, бұзау, құс етін, котлеттерді бөктіріп пісіруге болады. Өз сөлінде бөктіруге өзінен суды тез бөлетін көкөністер ыңғайлы. Оларға асқабақ, кәді, қызанақ, т.б. жатады.